ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

«Бір өзен- бір тағдыр» акциясы

13:40, 30 шілде 2021

Зайсан ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Бір өзен- бір тағдыр» атты халықаралық экологиялық акция өтті. Ел көлемінде 2019 жылдан етек алған бастама бүгінде игі жалғасын табуда. Негізгі мақсат- үш мемлекетті жалғап жатқан қарт Ертістің маңындағы күл-қоқысты тазарту. Зайсан қаласынан бастау алған шараға 100- ден астам еріктілер мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары қатысты. Аталмыш жоба алдағы уақытта Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Алтай, Өскемен, Ұлан, Глубокое, Шемонаиха, Семей, Бесқарағай, Курчатов қалаларында  жалғасып, елдің өзге облыстарына да челлендж ретінде жолданбақ. Қытай, Қазақстан, Ресейді байланыстырып жатқан Ертіс өзенінің  ел үшін алар орны ерекше. Әйткенмен кей тұрғындар мен демалуға келушілер өзен-көлдің жағалауын түрлі қоқысқа толтырып, ластап кетуі жиі кездеседі. Табиғат жанашырларының батамасымен қолға алынған «Бір өзен- бір тағдыр» акциясы сол олқылықтардың орнын толтырмақ. Табиғат таза болса, әлем де тазара түспек. Қоршаған ортаны қорғайтын «Бір өзен- бір тағдыр» акциясы енді жыл сайын дәстүрге айналады. Осылайша өзен бойындағы экологиялық ахуал да жақсармақ.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...