ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

БІР КҮНДЕ 24 ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

13:36, 28 сәуір 2021

Шығыс Қазақстанда "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасы басталды. "Нөлдік төзімділік" қағидатын негізге алған шара сәуірдің 27-сі мен 29-ы күндері аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл шараның мақсаты – еліміздің жүріп-тұру ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау. Сондықтан шара барысында елді мекендер, әкімшілік аумақтар мен саяжайлар жіті тексерілуде. Құқық бұзушылық байқалған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады. Жедел профилактикалық шара басталған алғашқы күнннің өзінде 24 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 7 қылмыскер құрықталған. Екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, қоғамдық орындарда ішімдік ішу мен мас күйде болудың 357 фактісі тіркелген. Сонымен қатар заңсыз айналымда жүрген  8 бірлік қару тәркіленген. Тіркеусіз тұрып жатқаны және жеке басын куәландыратын құжатының жоқтығы үшін 300-ден астам азамат пен мас күйде және есірткі шегіп көлік жүргізген 30 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыз есірткі сақтаудың 3 фактісі тіркеліп, 12 граммнан астам есірткі тәркіленді. Жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және құқық бұзушылықтарға жол бермей қоғам тыныштығын бірге сақтауға шақырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар