ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Бипэк Авто - Азия Авто» мәселесі шешімін тапты

13:34, 23 қараша 2021

«Бипэк Авто - Азия Авто» компаниясына қатысты даулы мәселені шешу мақсатында аймақ басшысы Даниал Ахметов арнайы жиын өткізді. Отырысқа Мемлекеттік сектор мен өнеркәсіптік компаниялары қатысты.Өңір басшысының сөзінше басы дауға қалған мекеме қызметкерлері қысқа мерзімде жұмыспен қамтамасыз етілді, Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, кәсіпорынның еңбек ұжымын жұмыспен қамтамасыз ету үшін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ банк және «Бипэк Авто - Азия Авто» басшылығымен өткен кеңес барысында кәсіпорынның жалақы бойынша берешегі толық өтелген.Бүгінде автокәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері «Қазмырыш», «ҮМЗ», «ТМК», «Кэмонт» сияқты ірі компанияларда, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындарында жұмыс істеп жатыр.«Бипэк Авто - Азия Авто» компаниясында болған жағдай, атқарушы билік пен бизнес өкілдері үшін нағыз сын-тегеурінге айналды. Дегенмен облыс басшылығы бұл жайтты ретке келтірді

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар