ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Білім беру ұйымдарын аттестаттау

13:34, 17 қыркүйек 2021

Биылдан бастап облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары өңірдегі білім беру ұйымдарын меншік нысанына қарамастан, 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді. Сала мамандарының айтуынша, мұндай профилактикалық бақылау жұмысы білім беру нысандарында оқу бағдарламаларының іске асырылуын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігін қадағалауға мүмкіндік береді. Тексеру жұмыстары білім беру ұйымдарындағы әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік аттестаттаудан өткізетін мамандар білім беру ұйымдарына бармай-ақ, профилактикалық бақылау жүргізеді. Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымы өзін-өзі бағалау материалдарын бір ай ішінде ұсынады. Педагогикалық және қызмет көрсететін құрамның сандық және сапалық сипаттамасы, интернет ресурстарында орналастырылған ақпарат пен цифрлық білім беру платформасындағы көрсеткіштер сарапталады. Сондай-ақ,  ұлттық білім беру деректер базасына енгізілген  мәліметтердің сәйкестігі тексеріледі. Заңнамаға сай, мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру тәртібі алдын ала белгіленеді. Қорытындының екі данасына төраға мен аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Білім беру ұйымының басшысы қорытынды жұмыстарымен танысып, аталған ұйымының мөрімен растайды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар