ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Бес басты бастама

17:17, 16 қыркүйек 2021

Облыс әкімі Даниал Ахметов мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі" атты жолдауын өңір активімен өткен кеңесте талқылады. Атап айтқанда, ел президенті ұсынған бес негізгі бастама негізінде аймақта қолға алынатын шаралар легіне тоқталды. Жолдауда алға қойылған бес негізгі бастама әр тұрғын үшін маңызды. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі 42,5 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешімін жариялады. Сондай-ақ президент еңбекақы төлеу қорын арттырып және оған жүктемені азайту қажеттігін баса айтқан болатын. Перзиден пәрменіне сәйкес мәдениет, архивр, кітапханалар және басқа да салала  қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Сәйкесінше 42 мыңға жуық шығысқазақстандықтың жалақысы артады. Сондай-ақ, аймақ басшысы халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жоспарын да сөз етті. Жоспарға сай халықтың кем дегенде 80% - ы екпе алуы керек. Даниал Ахметов облыстың 1 миллион 40 мың тұрғынына вакцина егуді тапсырды. Жолдауда цифрландыру деңгейін арттыру мақсатында IT саласының кем дегенде 100 мың жоғары білікті мамандарын дайындау қажеттігі айтылған. Облыс әкімінің сөзінше, барлық мектептерде халықаралық стандарттар бойынша тереңдетілген IT-бағдарламалар енгізілуде.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар