ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Белсенді жастармен жүздесу

13:30, 26 мамыр 2022

Берік Уәли өңірге іссапармен келді. 5 маусым күні өтетін Республикалық референдумның мән-маңызы жайлы айтты. Ата Заңға қандай өзгерістер енгізу ұсынылуда? Оның халыққа тигізер пайдасы турасында облыс орталығында белсенді жастармен кездесу өтті.

Берік Уәли елде референдум 1995 жылы өтіп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдағандығын айтты. Қазіргі қоғам талабы өзгерістерді талап етуде. Өз көзқарасыңды білдіру-азаматтық борышың,- дейді ол.

Аяулым Қарқын Республикалық референдумға бейжай қарамай, дауыс беру, өз ойын жеткізу азаматтық ұстанымы деп біледі. Кездесуде саяси науқанның маңыздылығын одан сайын түсініп, ойға түйгенін айтады.

Аймақтың белсенді жастары алдағы саяси науқанға бір кісідей атсалысуға дайын екендіктерін білдірді. Қала тұрғындарын да дауыс беруге шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...