ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бәйге рекорды жаңарды

17:15, 3 тамыз 2022

Қазақтың тойы бәйгесіз болмайтыны бәрімізге мәлім. Ақсуат ауданында өткен 140 шақырымдық аламан бәйге Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Шабандоздар жарысында рекорд жаңарып, Катонқарағайдың жүйрігі 7 сағатта мәреге жетті. Сәйгүліктер сыны жайында Гүлдана Айдарқызы тарқатсын.

 «Болғанынан боладысы қызық» Ақсуат ауданындағы ұлы аламан бәйге де жоғары деңгейде өтті. Жылқы жануарының төзімділігі мен шабандоздың шыдамдылығын таразыға салған аламанға еліміздің әр аймағы мен көршілес мемлекеттерден де жүйріктер әкелінді. Олар таң қылаң бере, сағат 4-те Көкпекті ауданынан жарыс жолына шығып, түс ауа Екпін ауылындағы атшабарға ат басын тіреді. Катонқарағай ауданының «Тарпаң» атты арғымағы 7 сағат, 12 минутта мәре сызығын бірінші болып қиды.  

Атқұмар азаматтар мен жылқы танитын көнекөз ақсақалдардың көбі пәленбай мың шақырым жол басып келген жүйрікке көбірек көз сүзіп жатты. Алтайдың жүйрігі бұған дейін Шығыстағы Зайсан ауданында өткен 130 шақырымдық бәйгеде де топ жарған.  Жарыста басымдылықпен бас жүлде алған бұл тұлпар қанжығасына талай қасқыр байлаған жүректі жануар екен. Ал Сергей осы аттың құнан кезінен құлағында ойнаған сенімді серігі болып шықты.

Бәйге шарты бойынша әрбір шабандоз 18 жастан асқан болуы керек.

Ал, жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, бәйге – ұлттық спорттың ішіндегі ең маңыздысы.

Аламанда оқ бойы оза шапқан шабандозға автокөлік кілті берілді. Ал, екінші орынды Алматы қаласының сәйгүлігі қанжығасына байласа, кезекті үшінші орынды Ақсуат ауданының жүйрігі алды. Жүлделілердің барлығы ақшалай сыймен марапатталды. Айта кетейік, үш күнге созылған, аудан жұртшылығы мен сырттан келген қонақтарды бір серпілткен ауқымды шара келер жылдары да жалғасын табады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар