ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бейбітшілік пен келісім жолы

13:31, 6 желтоқсан 2021

Облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында "Бейбітшілік пен келісім жолы" атты фильмнің таныстырылымы өтті. Фильмде Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болған 30 жыл ішіндегі жетістіктері баяндалған. Бес сериядан тұратын бейнероликтің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысына арналды.Аталмыш фильм - Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасы. Экранға жол тартқан туынды авторы еліміздің көпұлтты екендігін, кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдерінің бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын жеткізеді. Сондай-ақ, фильмде көпұлтты отбасылардың бақытты сәттері көрсетілген. Солардың бірі Семейден келген Темірхановтар әулеті,  "Мерейлі отбасы" республикалық байқауының жеңімпаздары.Фильмнің негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылындағы Қазақстан Республикасының жетістіктерін көрсету. Бейнероликтің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысына арналған, яғни Өскемен қаласының түрлі салаларда қол жеткізген жетістіктері айтылды. Көрермендер фильм авторының кәсіби шеберлігін жоғары бағалады."Бейбітшілік пен келісім жолы" фильмі этностардың әр алуандылығымен қатар, олардың бір-біріне деген өзара құрметі мен жалпыға ортақ бірлігін сезінуге мүмкіндік берді.

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...