ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бейбіт күнді бағалайық

13:31, 10 қаңтар 2022

Облыстың түкпір-түкпіріндегі аудандардан  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, мемлекеттің беріктігі сыналған тұста қалың қауымды ынтымаққа шақырған азаматтардың бейнеүндеулері әлі де келіп жатыр. Бұл жолы Катонқарағай, Көкпекті, Күршім аудандары және Шемонаиха қаласының тұрғындары бірлікті ту етіп, елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін атсалысуға шақырды.

Халыққа үндеу жолдаған азаматтардың тілегі бір. Ол, әрине елде тынышытық орнап, алаңсыз күннің қайта оралуы. Сондықтан, қазір барша жұрт мемлекет басшысына қолдау білдіріп, сын сағатта ешкім шет қалмай, күш біріктіру керек.

Бабалар аңсап жеткен ел егемендігін сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдыру міндет. Үндеуге қолдау білдірген азаматтардың айтуынша, өз жерін, қаласын сүйетін патриот ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Сонда іштен шыққан жауға елімізді алдырмаймыз, олардың арам пиғылдарына алданбаймыз.

Айта кетейік, бүгін Мемлекеттік ту барлық жерде төмен түсірілді. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлерін халық аза тұтып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар