ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

БЕЙБІТ АТОМ САЯСАТЫ

17:17, 22 ақпан 2021

1991 жылдың 29 тамызы. Бұл күн әлем тарихындағы маңызды даталардың бірі. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып, бейбіт атом саясатын жариялаған кез. Елбасының шешімі Қазақстанның Кеңестер Одағының құрамында болған күрделі тарихи кезеңімен тұспа-тұс келді. Әлбетте мұндай батыл қадамға қарсы шыққандар да аз болған жоқ. Семей ядролық полигонының жабылуы қазақстандықтардың 40 жылдан аса күткен маңызды оқиғасы еді. Курчатов қаласының тұрғыны Виктор Бордей 1974 жылы әскери училищені бітіргеннен кейін әскери жабық қалашыққа келді. Жас лейтенант сол кезде жер асты ядролық сынақтар өткен "Тау станциясы", кейіннен "Дегелең" атанған алаңға түседі. Курчатов тұрғындары тарихтың бұл парағын қала өмірінің ажырамас бөлігі ретінде еске алады. Мұрағаттар құпиялығын жоғалтқан шақта ядролық сынақтардың зардаптары зерттеле бастады. Міне, сол жылдары апаттың ауқымы айқын болды. Өкінішке қарай, біздің ұрпақ ауыр сынақ жайлы әлі ұзақ жылдар бойы айтуға мәжбүр. Қазақстан Республикасы әлемдік тарихта өлімге әкелетін ядролық полигонды жауып, жаппай қырып-жою қаруынан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет болды. Елдің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін әлемдік қоғамдастық лайықты бағалады. «Елбасының жаһандық қауіпсіздікке қосқан еңбегі өз бағасын алды,- дейді халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев. Бүгінде Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы бейбіт атом саясатын жүзеге асыруда. Біздің еліміздің бастамасы жаңа әлемдік парадигманың, жаңа жаһандық ойлаудың және бүкіл әлемде ядролық қаруға деген көзқарастың қалыптасуына негіз болды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар