ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Батырлар рухына тағзым

17:18, 12 мамыр 2022

Ер есімі-ел есінде! Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде батырлар рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Гүл шоқтарын қою рәсімі батырлар аллеясында өтті.

Батырлар аллеясының салынуына демеушілік көрсеткен меценат Қайрат Мусин. Мұнда екінші дүниежүзілік және Ауғанстан соғыстарында қаза болған 10 батырдың есімі жазылған стелла қойылған. Ерліктері ұрпаққа өнеге болған мұндағы 10 батыр да Ұлан ауданының тумасы. Оның ішінде Халық қаһарманы, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсенов пен Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықов есімдерін ерекше атауға болады. Қазақтың қос батырының орны бөлек, еңбегі ерен. Гүл қою рәсіміне қаһармандардың туған-туыстары да қатысты.

Жиналғандар майданда қаза тапқан жауынгерлер рухын бір минут үнсіздікпен еске алды. Олардың жанқиярлық ерліктері туралы естеліктер айтылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...