ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Батырдың есімі ұлықталды

17:17, 21 қаңтар 2022

Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың туғанына 100 жыл. Ұлан ауданы, Тарғын ауылының тумасы небәрі 20 жасында майданға аттанған. Зұлмат жылдардағы көзсіз ерлігі үшін азаматты елі ардақтап ауылдағы мектепке есімін берді.

Ізғұтты Айтықов 1922 жылы Ұлан ауданы, Тарғын ауылында 20 қаңтарда дүниеге келген. Оның майдандағы жолы 1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқастан бастау алады. Еті тірі, батыл шешім қабылдауға дайын тұратын, сөзге шебер жігіт бірден көптің көзіне түседі. Ізғұтты Айтықовтың шеберлігін байқаған полк комиссары оны барлаушылар взводының жетекшісі етіп тағайындайды. Жүктелген міндетті абыроймен атқарған ауыл баласы өзін барлаушы ретінде де жақсы танытады. Мәселен, бір Сталинградт түбіндегі шайқастың өзінде 50-ден астам жаудың көзін жойып, жаудың 22 барлаушысын тұтқындап әкелген.

Батыр ұл сондай-ақ Калинин, Белгород облыстарының жерін азат етіп, Батыс Двина жағалауына дейін жетті. Жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін «Қызыл Жұлдыз», I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталады. Өзі азат етуге қатысқан Литва жерінде батыр жерленген Зарасай қаласындағы бір көше біздің жерлесіміздің есімімен аталады. Ер есімін туған жері де ұмытпады. Өскемен қаласында соғыс ардагерінің құрметіне көше атауы беріліп, бюст қойылды. Батырдың рухына тағзым еткен Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Еске алуға арналған шара Тарғын ауылында жалғасын тапты. Ауылдағы мектепке Ізғұтты Айтықовтың есімі берілген. Мұнда ардагердің өмір жолынан сыр шертетін мұражай ашылған. 

Мектептегі мұражайдың ашылуына ұйытқы болғандардың бірі – Төлеугүл Қарымбаева. Ол еңбек жолын алғаш бастаған жылы Ізғұтты Айтықов туралы деректерді жинау жұмысы қарқын алған.  Төлеугүл Қарымбаева соғыс ардагерінің анасымен бірге Литваның Зарасай атты қаласына жол тартады. Ол жерде Кеңес Одағының батырына арналған бюст қойылады.

Сондай-ақ батырдың есімімен аталатын мектепте Ізғұтты Айтықовтың өзі отырған партасы да сақталған. Ол партаға отыру бақыты білім ордасының қоғамдық өміріне белсене қатысқан, үздік оқушыға бұйырмақ. Ұлан ауданының әкімдігі алдағы уақытта Ізғұтты Айтықовтың мерейтойын шектеу шаралары аяқталған соң кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...