ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

17:15, 22 ақпан 2021

Абай, Шәкәрім, Мұхтардай даналар көшіне ілескен Шыңғыстаудың абызы Шәкір Әбенов – тәуелсіздікті көрген, қазақтың бақытты шағына куә болған алаш ақсақалы. 1991 жылдың 10 желтоқсаны күні Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанатында тоқсан бір жасында ақ батасын берген. 1991 жы­лы желтоқсан айында қасиетті Абай жерінен арнайы шақырылған Шәкір Әбенов Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ батасын беріп, елдік маңызы бар қадамына ақ жол тілеген еді. Тіл жанашыры Құсмілия Нұрқасымның айтуынша, бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалып, Тәуелсіздіктің ақ таңы атқанда Тұңғыш Президентке дәл Шәкір Әбеновтың бата беруі кездейсоқтық емес. Өйткені, ол өзінің тауқыметке толы ғұмырында елдің тағдырын жырлаған, егемендік ұғымын бек түсінген адам. Ал филология ғылымдарының докторы, белгілі абайтанушы Айжан Қартаева «Шәкір ақсақалдың берген батасы күллі қазаққа берген бата» деп біледі. «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» дейді халық даналығы. Расымен, абыз ақсақалдың ақ батасы егемендігін енді алған жас мемлекеттің келешегіне кепіл болғандай.

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар