ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Бас мүфтидің жұмыс сапары

17:17, 8 маусым 2021

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына арнайы келді келді. Аймақтағы сапарын Ұлан ауданынан бастаған Бас мүфти Привольное ауылындағы жаңа мешітке имам тағайындап, ғибадат орнындағы жолаушыларға арналған бөлменің жұмысымен танысты.  Сапарда жүрген мұсылман баласы алдынан кездескен қасиетті орынға міндетті түрде ат басын бұрып, аялдайды. Бұл дүниеден өткендерге Құран бағыштап, дұға оқылады. Аллаға мінәжат етіп, ары қарай жол жүреді. Привольное ауылындағы жаңа мешітте жолаушыларға арналған арнайы бөлме бар. Мұндай аялдау орнының тағы бір маңыздылығы – жол апатының алдын алу. Адамдардың шаршағанда тынығып, сапарларын алаңсыз жалғастыруларына қолайлы жағдай жасау. Жаңа мешіттің салынуына Привольное ауылының жергілікті тұрғындары жұдырықтай жұмылып атсалысқан. Жергілікті жұртпен бірге атқарылатын  дәстүрлі іс-шаралардың барлығы енді осы мешітте өтпек. Ауылдық әкімдік қызметкерлері жаңадан тағайындалған жас имамды баспанамен қамту жағын ойластыруда. Бас мүфтидің айтуынша, республика бойынша күре жолдардың бойындағы 19 мешітте жолаушыларға арналған бөлмелер жабдықталған. Сонымен қатар, бас мүфти дәл осы Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде орналасқан Мұса баба мешітін мүфтият құрамына қабылдады. Аталмаш мешіт жергілікті кәсіпкердің қолдауымен негізі қаланған болатын. Мұса баба мешіті жамағаттың игілігіне берілгелі 10 жылдан асты. Енді алдағы күндерде мүфтияттың құрамында болады.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...