ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Балаларға арналған демалыс орны

13:31, 4 мамыр 2022

Глубокое ауданында балаларға арналған жаңа ойын-сауық орталығы ашылды. Бұрын-соңды болмаған жаңа мәдени-демалыс орнының пайда болғаны - жергілікті тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Аудан жұртшылығы ендігі уақытта тұрғылықты жерде демалыстарын алдын ала жоспарлап, отбасыларымен бірге уақыттарын көңілді өткізе алады.

Айгерім Намазбаева – жеке кәсіпкер. Көптен бері балалармен бірге келіп тынығуға болатын ойын-сауық орталығын ашуды жоспарлап жүріпті. Өйткені, бұл ауданға мұндай демалыс орнының қаншалықты қажет екенін көпбалалы ана жақсы түсінеді.

Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі, ата-аналар балаларын біраз уақытқа мұндағы қызметкерлерге тапсырып кетіп, өз жұмыстарын реттеп алуға мүмкіндіктері бар. Айгерім Намазбаеваның айтуынша, көптеген таныстары үй шаруасымен айналысып, тіпті азық-түлікке барып келейін десе, балаларын тастайтын жер жоқ екенін айтып шағымданады. Ендігі уақытта бұл үшін алаңдауға негіз жоқ.

Жергілікті жердегі балақайлар үшін ашылған орталық көпшіліктің игілігіне жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар бағдарламаны заманауи талапқа сай, қызықты әрі кішкентайлардың ой-өрісін жан-жақты дамытатындай етіп дайындағандарын айтады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар