ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Балалардың судағы қауіпсіздігі

13:31, 1 тамыз 2022

Облыстық ТЖД құтқарушылары тың жобаны жүзеге асыруда. Құтқарушылар шығармашылық тәсілдерді қолданып, мультфильмдер арқылы қауіпсіздік ережелерін жас буынға жеткізбек.

Мультфильм екі дос Айя мен Тентектің бастан кешкен оқиғаларына арналған. Туынды барысында үздік, тілалғыш қыз Айя мен сотқар бала Тентек төтенше жағдайлар кезінде басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Кейіпкерлер сол арқылы балаларға  тосын жайттарда өздерін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Бірінші серия отты пайдалану,  судағы қауіпсіздік ережелеріне арналған.

ТЖД қызметкерлері мультфильм жобасымен екі ай көлемінде жұмыс істеген. Автормен бірге олар кадрларды дыбыстау, анимациялық сурет салуға мамандарды таңдауға қатысқан.

Алдағы уақытта мультфильмнің барлық сериялары балабақшалар мен білім ордаларына жіберіліп, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар