ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Балалар жылына арналған шаралар

17:16, 14 қаңтар 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай, Өскемендегі кітапханадалардың бірінде арнайы шаралар ұйымдастырылып  жатыр. Кітапхананың жас оқырмандары үшін қандай жобалар жол тартпақ?

Ел президенті өз сөзінде бұл жылы тек ұрандап қана қоймай, балалардың білім және денсаулық сақтау салаларында аса қорғалуы керек екенін баса айтқан еді. Қаладағы кітапханалардың бірінде «Балалар жылына» орай көптеген шаралар әзірленуде. Олардың қатарында жас ұрпақтың зейінін ашу үшін  жаңа технологияларды меңгеруге бағытталған үйірмелер де бар.  Мәселен, «Шебер қолдар» үйірмесінде балғындар әртүрлі жануарларды, мультфильм кейіпкерлерін қолдан жасап, ағылшын тілі мен түрік тілін де үйрене алады.

Ал роботехника курстары, сөйлейтін глобус және сенсорлы үстел таңсық әлемге саяхат жасауға шақырады. Кітапхана қызметкері  Руслан Бабировтың айтуынша комикс клубына балалар аса қызығушылықпен келеді.

Қазір оқушылар кезекті қысқы демалыстарына шыққан. Жас  оқырмандар кітапханаға әдеттегіден де көп келе бастады дейді, кітапхана қызметкерлері.

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...