ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Балалар вакцинациясы

17:30, 30 қараша 2021

Елімізде коронавирустық инфекцияға қарсы 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау науқаны жүргізілуде. Жасөспірімдерді иммундау үшін АҚШ-та әзірленген Pfizer вакцинасы қолданылады.Індеттің алдын алар вакцинаға қол жеткелі бері мамандардың берер кеңесі жаппай екпе алу болды. Сол арқылы ұжымдық имммунитет қалыптастырып пандемиямен күресуге шақырады. Аты жаман аурумен ересектерден бөлек жасөспірімдер де ауырды. Мамандардың айтуынша, бала бойындағы вирус симптомсыз түрде жүріп үлкендерге берілуі мүмкін.Вакцина организмге енгеннен кейін белгілі бір реакцияның болуы қалыпты жағдай. Вирус вакцинацияланған адамның ағзасына жұққанда антиденелермен күреседі. Екпеден кейін егілуші 30 минут ішінде медициналық мекемеде мамандардың бақылауында болады. Олардың айтуынша, бұл вакцинаға аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда тез көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Айта кетейік, бүгінде Глубокое ауданында 473 азамат Pfizer вакцинасын салдырған.Жергілікті атқарушы билік органдары балалар мен жасөспірімдер арасында ауру жылдам таралып жатқанын атап өтті. Қысқа мерзім ішінде жергілікті мектептердің бірінде 19 оқушы екпе алып үлгерген.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар