ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Балалар қауіпсіздігі - басты назарда

17:15, 14 қыркүйек 2021

Жаңа оқу жылы дәстүрлі офлайн форматқа қайта оралды. Мектептерде COVID-19 дертінің таралуын болдырмау үшін бірқатар шаралар қабылданды. Облыстың барлық оқу орындары «ASHYQ» жобасына қосылды. Мұғалімдер вакцина алып, мектептер қорғаныс құралдарымен жабдықталуда. Өңірдегі білім ошақтарын қауіпті індеттен қорғау үшін тағы қандай шаралар жүзеге асырылуда? Облыс орталығындағы оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауда. Барлық мектепте қызметкерлер мен білім алушылардың температурасын өлшеу, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру және дезинфекциялау шараларын жүргізу міндеттелген. Мектеп алаңдарын пайдалану кезінде әлеуметтік ара қашықтықты қамтамасыз етуге мән берілген. Санитарлық талаптардың сақталуын педагогтар мұқият қадағалауда. Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар басқа да қызметкерлер міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Әр сабақтың басы мен аяғында және үлкен үзілістерде кабинеттерді кварцтеу міндеттелді. Сабақ арасындағы үзілістер әр буын (төменгі, ортаңғы, жоғары сыныптар) үшін әртүрлі уақытта болуы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтетіндіктен қызметкерлер мектеп ғимаратына «ASHYQ» жүйесімен яғни QR код сканерлеу арқылы кіреді. Мектептің кіреберіс жерінде күн сайын педагогтар, қызметкерлер мен оқушылар үшін ғимаратқа «кіру сүзгісі» жүргізіледі. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі балалар бұрынғыдай кабинеттен кабинетке ауыспайды. Әр сынып тек бір кабинетте отыру тиіс.  Сабақ барысында оқушыларға бетперделерін шешуге рұқсат берілсе, үзіліс кезінде кию міндетті.

 

 

Иә, бүгінгі күні барлық мектептерде санитайзерлер, антисептиктер, жуғыш және дезинфекциялайтын құралдардың жеткілікті қоры жасақталған. Білім ордалары бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер мен көрсеткіштер орнатылды. Асханаларда ауа рециркуляторлары орнатылып, тамақтануды ұйымдастыру ісіне бақылау күшейтілді.

Жаңа оқу жылындағы басты міндет - мектептерде инфекцияның таралуына жол бермеу. Бұл үшін білім беру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер оқу жылы бойы қатаң сақталатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...