ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

БАҚ өкілдерімен кездесті

17:15, 24 мамыр 2022

Республикалық референдумның өтуіне көп уақыт қалған жоқ. Халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Себебі, журналистердің мұндай саяси науқанға қосар үлестері зор.

27 жылдан кейін екінші рет болғалы отырған саяси шараны өткеруге қоғам белсене кірісуде. Семинарды өткізген Наталья Уразованың айтуынша, референдумға тұрғындар жауапкершілікпен қарайды. Себебі, әр қазақстандықтың дауысы маңызды.

Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелер талқыланды. Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқығын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі сияқты өзгерістер талқыланды. Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның рөлі туралы айтылды. Семинарға қатысушылар дауыс беру қорытындысы елдегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсер етеді деген сенімде.

Семинар ұйымдастырушысы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толық жауап беріп, қатысушылар өзара пікір бөлісті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар