ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Байқауда бақ сынады

17:35, 29 қараша 2021

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өскеменде «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» атты белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсы өтті. Байқауға жалпы білім беретін мекемелердің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрлі шараның биылғы жеңімпаздары кімдер? Байқаудың мақсаты - жастардың ұлттық рухын, сана-сезімін ояту. Сондай-ақ, қазақ халқының әдеби мұрасын танымал етіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде байқау қатысушылары ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихын білуге арналған зияткерлік сынға түсті. Екінші айналымда қазақтың танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған сахналық бейнеқойылым қойды.Дәстүрлі түрде алтыншы рет өткізіліп отырған шараға аймақтың түкпір-түкпірінен келген 250-ден астам оқушы қатысты. Әр командаға түрлі тақырыптар ұсынылады. Мәселен, облыстық Жамбыл Жабаев атындағы гимназия оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыратын қойылым қоюға тапсырма берілген.Сайыс қорытындысы бойынша екі айналымда ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Театрландырылған-сахналық бейнеқойылымды қазылар алқасы креативтілігі, бейнелілігі бойынша бағалады. Сонымен  қатар, тіл сауаттылығы және нақтылығы қатаң қаралды.Байқаудан оза шапқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар