ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Бағаны бақылау

13:30, 4 тамыз 2022

Тұрғындарды қымбатшылық қысып барады. Тауар құны күн сайын құбылған шақта, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қымбаттатпай ұстап тұру басты мәселенің бірі. Бұған дейін мониторингтік топ мүшелері үйлер жанындағы шағын дүкендерге тексеру жүргізсе, енді қазір ірі сауда орындары мен базарларға бақылауды күшейтуде.

Мониторингтік топ мүшелері рейдке жиі шығады. Осылайша, облыста халық көп тұтынатын 19 түрлі тауар бойынша азық-түлік бағасы апта сайын тұрақты бақылануда. Рейд барысында азық-түліктің сатып алған негізгі бағасына қосымша қанша пайыз қосылғандығы да тексерілді.

Тексеру барысында бірнеше сауда нүктелерінде халық негізгі тұтынатын 19 әлеуметтік тауардың бағасы жазылмағандығы анықталды. Бұл бағаны тұрақтандыруға кедергі келтіретіндігі белгілі. 

Мониторингтік топ мүшелері әр тұтынушы өз құқығын білу керектігін айтады. Егер тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда тиісті орындарға хабарлауды сұрайды.

Бағаға бақылау бар. Бірақ, басты жауапкершілік саудагерлерде. Рейд мүшелері осыны ескертіп, азаматтар ақшаны емес, адамдардың жағдайына аса мән берсе деп тілейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар