ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Азық-түлік қымбаттай ма?

13:32, 17 қыркүйек 2021

1 қарашадан бастап тұрақтандыру қорының өнімдері сатылымға шығады. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұруға сеп бола ма? Баға қашан қалыпқа түседі? Тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мәселен,  2020 – 2021 жылғы маусымаралық кезеңге жергілікті ауыл шаруашылығынан 5 700 тонна жеміс-жидек пен көкеністі сатып алынған.  Дегенмен, облыс орталығының тұрғындары әлеуметтік дүкендерде  картоптың сөрелерде жиі болмайтынын айтып шағымдануда.  Сол себепті биыл сатылымға шығатын өнім саны артады деп күтілуде. Оның ішінде күнделікті тұтынатын картоп бар. Бұл тұрғындар тарапынан туындаған мәселені шешуге септігін тигізеді, - дейді мамандар. "Ертіс" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мамандары түрлі жобаларды іске асыруда. Мақсат халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолжетімді бағамен қамтамасыз ету. Биыл тұрғындардың көпшілігі азық-түлік өнімдерін әлеуметтік бағамен сатып алуға мәжбүр. Бағаның күрт өсуі басым көпшілігінің қалтасын қағуда. Айта кетейік, қазір "Ертіс" ӘКК жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өнімді неғұрлым тиімді бағамен сатып алу үшін келіссөздер жүргізуде. 1 қарашадан бастап тұрақтандыру қорының 45 сауда павильоны өз жұмысын бастайды. Оның 25-і Өскеменде, ал 20-сы Семей қаласында.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар