ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ?

13:40, 22 қаңтар 2021

Жыл басынан бері өңірімізде азық-түлік қымбаттады. Мамандар әлеуметтік маңызы зор кейбір өнім түрлері бағаларының өсімін шикізат қымбаттауымен байланыстырады. Десе де, заң бойынша ішкі нарықта сатылымға қойылатын әрбір тауар құны 15%-дан артық өспеуі тиіс. Толығырақ тілшіміз тарқатады. Елімізде 1994 жылы қабылданған азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты заңға 2020 жылдың соңында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Ал әзірше күнделікті тамақ сатып алып отырған тұтынушылар бірқатар өнімдердің бағасы өскенін айтады. Мәселен, жергілікті шаруалар шикізат бағасын көтеруіне байланысты өткен жылдың қараша, желтоқсан айларынан бастап күнбағыс майы қымбаттады. Зауыттар сатып алу құны шарықтады деген соң көтерме саудада қанттың да бағасы өсті. Әлеуметтік маңызы зор тауарлар бағасын реттеу бойынша Өскемен қаласында 14 дүңгіршек пен 80 бағаны тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Онда ұннан жасалған өнімдер мен басқа жерлерде қымбат қарақұмықты арзанға сатып алуға болады. Күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының өсіміне байланысты  қала тұрғындарының пікірін сұрадық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздің тұрғындары ай сайынғы жалақыларының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды. Қазіргі баға халықтың қалтасын қағып тұр. Азық-түліктің қымбаттауы бірінші кезекте қарапайым халыққа ауыр тиюде. Десе де, көпшілік алдағы уақытта билік өкілдері жағдайды бақылауға алады деген үмітте. Жаңа заң қолданысқа енгізілгеннен бастап бағаны негізсіз өсіргендер жазаланады  деп күтеді. 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар