ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

13:32, 27 қаңтар 2021

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілуде. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша құрылған арнайы топ өнімнің қымбаттауына жол бермеу мақсатында сауда орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша 30 сауда нысаны тексерілді. Оларда халық көп тұтынатын азық түліктің бағасы 10-15 пайыз үстемемен саудаланып жатқандығы белгілі болды. Мониторингтік топ қаладағы бөлшек сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына бақылау жүргізуде. Мақсат – аталмыш санаттағы өнім бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу. Құрамында қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері бар арнайы топ, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бойынша өнім бағасын тексерді. Анықталғандай, өнімдер орта есеппен 10-15 пайыз үстемемен саудалануда. Рейд барысында жұмыртқа мен күнбағыс майы бағасының өскені байқалды. Бұған өнімдердің басқа өңірлерден жеткізілуі себеп, - дейді кәсіпкерлер. Мониторингтік топ мүшелері екіге бөлініп, қаланың қос жағалауындағы ірілі-ұсақты сауда орындарын аралады. Солардың бірінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерді саудалаудың өзгеше тәсілі қолданылатынын байқадық.  Мониторингтік топ мүшелерінің атап өткеніндей, бүгінде қала бойынша  азық-түлік бағытындағы 280 сауда нысанымен меморандум жасалған. Оған сәйкес дүкендер  өнімдерін белгіленген пайыздық үстемақы шегінде ғана сатуға міндетті. Азық-түлік дүкендерінде тұрақтандыру қорының тауарлары да саудалануда. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ондағы өнімдер 82 теңге шегінде белгіленген. Ал сауда орындарында ол  8 теңге үстемемен, яғни 90 теңгеден саудалануда. Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 3 күннен бері мониторинг жүргізіліп келеді. Нәтижесінде 30-ға жуық сауда нысандары тексерілді. Өнім бағасын негізсіз көтеру фактілері де жоқ емес. Қолданыстағы заңнама бойынша мұндай жағдайда тек ескертуге, түсіндіруге ғана рұқсат етіледі. Дегенмен, биыл тиісті заңға өзгертулер енгізу мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді. Ол күшіне енсе, заңсыз тауар бағасын көтергендер әкімшілік жауапкерлішікке тартылмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар