ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

"АЗИЯ АВТО" ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

17:17, 23 ақпан 2021

"БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" Компаниялар Тобының бөлімшесі 10 наурыздан бастап жұмыстан босатылуы мүмкін 1969 жұмыскердің тізімін ұсынды. Оның ішінде 1905 адам еңбекке қабілетті болса, қалған 64 қызметкер зейнет жасында. Азаматтардың жұмыспен қамтылуын шешу мақсатында облыс әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылған болатын. Алғашқы нәтиже – еңбекақыны, коммуналдық және бюджетке міндетті төлемдерді төлеу үшін "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" компаниясының бұғатталған шоттары ашылды. Енді компания басшылығы жалақыны 10 наурызға дейін төлейтін болады. Қазіргі таңда еңбекке қабілетті 1905 жұмыстан босатылатын қызметкерге облыста 3199 бос жұмыс орны бар. Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының айтуынша, мамандықтарына келетін вакансиялар жетерлік. Бүгінде "Кэмонт" АҚ 80-нен астам адаммен алдын-ала әңгімелесу өткізген. Кәсіпорынның қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент басшысы олардың таяу арада жұмысқа кірісуге дайын екендігін жеткізді. Сондай-ақ, 160-қа жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорынның құрылыс блогымен мұқият жұмыс істеу тапсырылды. Ірі құрылыс компанияларының қатысуымен жұмысқа орналастыру мәселесі жақында қарастырылмақ. Жиын соңында компаниялар тобының құрамына кіретін бөлімшелердің тізбесін және 11 наурыздан кейін олардың жұмысын жалғастыру үшін шарттарды анықтау мәселелері ұсынылды.

 


 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар