ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Азаттықты айшықтаған ашық сабақ

13:30, 15 қыркүйек 2021

Елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге жастарды мектеп кезінен бастап баулу керек. Өскемендегі Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің ұстаздар қауымы осындай пікірде. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аталған білім ордасында бастауыш сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді. Еліміз егемендік алған 30 жыл ішінде талай  белестерді бағындырды.  Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебіне өтіп жатқан ашық сабақтар дәл осы құндылықтарды оқушылардың санасына сіңірді. Басты мақсат, әрине  30 жылдық мерейтойдың маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуындағы еңбегін көрсету арқылы жасөспірімдердің патриоттық сезімін күшейту. Ашық тәрбие сағаты барысында 2 сыныпқа қадам басқан оқушыларға бостандық, теңдік, зайырлылық ұғымдары кеңінен түсіндіріліп, 30 жылдағы еліміздің жетістіктері сөз болды. Тәрбие сағатын жүргізген бастауыш сынып мұғалімі Гүлім Сейітбекова бүгінгі ашық сабақтың балаларға берер тағылымы мол болғанын айтады. Ашық сабақ барысында балалар 30 жылдыққа тарту ретінде тақылдатып тақпақ оқып, Тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салды. Бүгінде Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 817 бала білім алуда. Тәуелсіздік тақырыбындағы осындай ашық сабақтарды биыл барлық сыныптарда өткізу жоспарланып отыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...