ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Азаматтық қару-жарақты сақтау тәртібі

17:15, 30 қыркүйек 2021

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мамандары «Аза­маттық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілері айналы­мы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы аясында қоғамдық қауіп­сіздікті күшейтуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Тәртіп сақшылары үй-үйді аралап азаматтарға бекітілген ережелерді түсіндіруде. Аза­мат­тық және қызметтік қару мен оның оқ-дәрілері айналы­мына бақылау жүргізетін құқық қорғау органдары қызметкерлері бекітілген мерзімде тұрғындар арасында осындай тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Үй жағдайында қару-жарақ бекітілген тәртіпте сақталып, дабыл түймелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Үйдегі азаматтық қаруды құжатына сәйкес тексерген соң облыстық полдиция департаменті мамандары тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мәселен,  қару иесі ұзақ мерзімді демалысқа немесе іс-сапарға баратын болса, жергілікті құқық қорғау органына тапсыруы тиіс. Тұрғындар арасында азаматтық қару-жарақты сақтау тәртібі бойынша сауалдар туындап жатса, облыстық полиция департаментіне жүгінуге болады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар