ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

АвтоХҚО-лар ашылды

17:15, 12 қаңтар 2022

Бүгін 12  қаңтардан бастап автоқызмет көрсететін мамандандырылған ХҚКО-лары өз жұмысын қайта бастады.  Енді азаматтар бұрынғыша көмек ала алады.

Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Мамандандырылған ХҚКО-лар қайта ашылған кезде оған жүгінетін клиенттердің көптеп келетініні анық еді. Кезек бола қалса, сабыр сақтап, бұл жағдайға түсіністікпен қараған жөн. Ал кезек тудырмас үшін онлайн сервистерді пайдалануға кеңес береді мамандар.

Мамандандырылған ХҚКО-ның ашылуына халық та өте қуанышты. Таңертеңгі сағат 9-дан бері өз жұмыстарын бітіру үшін ағылып келе жатыр. Бірі көлік сатса, бірі құжаттарын рәсімдеп жүр.

Айта кетейік, автоқызмет алу үшін мамандар көмегіне дүйсенбі-жұма аралығында 9.00-ден 18.00 аралығында жүгіне аласыз.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар