ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Автобекеттегі жағдай тұрақты

17:15, 13 қаңтар 2022

Жол жағдайын жолаушыдан сұра. Алыс-жақын аудандарға жүріп жатқан жүргіншілердің жағдайы жақсы. Автобустар да бекітілген кестеден кешігіп жатқан жоқ.

Бұл Өскемен қаласындағы автобекеттердің бірі. Келер қонақ пен кетер жолаушының аялдар орны да осы. Аталған мекеме төтенше жағдай кезінде де жұмысын тоқтатпапты. Себебі, шалғай жатқан аудандарға сапар шеккен адам қарасы көп болған.  Автовакзал диспетчерінің айтуынша мұнда бір күнде 600 ден астам жолаушы діттеген жеріне барады екен. Ал, жаз айларында бұл көрсеткіш 3 есеге көбейетін көрінеді.

Бұл жерге бір тәулікте алыс-жақын аудан, қалалардан 30-ға жуық автобус қатынайды. Оның төртеуі Нұр-Сұлтан, Алматы бағытарына жүреді. Қазіргі уақытта Зайсан, Үржар сынды шет  аудандарға жолаушылар жүйелі түрде тасымалдануда. Жолға сапарлата шықандардың бірі Мұхамедбек Қарқын.  Ол шаһар мен ауыл арасында жол жүруде еш кедергі жоқ, дейді.

Қазіргі уақытта облыс ішіндегі аудан аралық қатынас тұрақталды. Жүргіншілерге кестеге сай қызмет көрсетіліп келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар