ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

АУЫЛДАСТАРЫНА ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА ҮЙ САЛДЫ

16:37, 4 қараша 2020

Облысымыздың аудандарында кәсіпкерлер өз қаржыларына көп балалы және аз қамтылған отбасыларға баспана тұрғызып жатыр. Әсіресе мұндай үлгі боларлық іс Тарбағатай мен Көкпекті аудандарында қолға алынды. Заман талабына сай үйлердің бірсыпырасы қазірдің өзінде қолданысқа дайын. Қайырлы Қасенов-кәсіпкер. Тарбағатай ауданының тумасы биыл жазда ауыл шетінен 10 отбасына арнап баспана құрылысын бастаған. Заман талабына сай сапалы салынған үйлер жақын арада пәтерге мұқтаж болып жүрген көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тегін беріледі. Ал Көкпекті ауданының орталығында болса «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құрылыс қызып тұр. Мұнда да баспанаға мұқтаж жандар үшін көлемі 100 шаршы метр болатын 22 пәтер бой көтеруде. Мемлекеттік бағдарламадан бөлек көкпектілік кәсіпкерлер де өз қаражаты есебінен 17 үйдің құрлысын бастауды жоспарлап отырған көрінеді. Мұндай жақсы үрдісті облыстағы өзге аудандардағы меценаттар да  қолға алуда.

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...