ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ауылдарға көңіл бөлінуде

13:30, 25 қараша 2021

Облыста дамудың даңғыл жолына түскен елді мекендердің бірі- Тарбағатай ауданы. Қазіргі таңда мұнда халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, ауылдарды абаттандыру жұмыстары қарқын алған. Мәселен, Ақсуат ауылында мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті ағайын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.Тарбағатай ауданында ауыл халқына жайлы жағдай жасау  мақсатында  ілкімді істер қолға алынып, талайдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелер оңды жолға қойылды. Мәселен, биыл «Таза су» бағдарламасы аясында Ақсуат ауылына су құбырлары тартылды.  Аталған бастама шалғайда жатқан жұртшылыққа екінші дем бергендей. Ақсуатта бүгінгі таңда жолдар жөнделіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде.Тарбағатайда ауыз судан қиындық көріп келе жатқан ауылдың бірі – Аққала ауылы. Көптен бері мұнда тұратын қараша халық тіршілік көзін арнайы я болмаса өздері қазған құдықтан алып отырған-ды. Шалғайда орналасқан ауылдарды дамыту бағдарламасы арқасында жергілікті ағайын толықтай таза ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар кіндік қаны тамған жерінің ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар туған жеріне  тағзым етіп, Аққала ауылының кіреберісіне қақпа орнатқан.  Бұдан өзге ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік жағынан маңызды нысандар да ретке келтірілді. Қоғамдық демалыс орындары да меценаттар тарапынан ашылған. Қазіргі таңда ауылда мешіт бой көтеріп келеді.Аққала ауылында қолға алынған шаралар легі ауқымды. Елді мекенде сонымен қатар көше жарықтандырылды. Атқарылған жұмыстарға тұрғындар жағы дән риза.Екпін ауылдық округін дамыту бойынша атқарылып жатқан игі істер мұнымен аяқталмақ емес. Алдыға қойған мақсат айқын, жүзеге асырар бастамалар да ауқымды. Ауылдық округке қарасты елді-мекендердің түйіткілді мәселесін  шешу жоспарда бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар