ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

17:15, 5 сәуір 2021

Қатонқарағай ауданының шаруалары Өскемен тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне келген жұртшылық бағасы арзан әрі сапалы азық-түлікке қоржындарын толтырып қайтты.  Жәрмеңке ашыла сала келген сатып алушылардың қатары қалың болды. Себебі, сапалы өнімді тиімді бағаға алатын мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Бұл жолы Катонқарағайдың шаруа қожалықтары өздерінің танымал өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Дәстүрлі жәрмеңкеге 7 тоннадан астам табиғи өнім әкелінді. Мұндай жәрмеңкелерде тұтынушыларды қызықтыратыны ет өнімдері екені жасырын емес. Шаруа қожалық өкілдерінің айтуынша, шағын және орта бизнестің дамуы үшін осындай жәрмеңкелер таптырмайтын мүмкіндік. Естеріңізге сала кетсек, 1786 жылы Қазақстан мен Сібір аумағында омарта шаруашылығы қалыптасты. Ел аумағындағы бал өндірісінің 70% қамтитын Шығыс-Қазақстан омарташылары Қазақстан бойынша көшбасшылықты ешкімге берер емес. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, катонқарағайлық омарташылар өздерінің танымал өнімдерін әкеліп, Өскемен тұрғындарын қуантты. Азық-түлік өнімдерінен бөлек, қала тұрғындары кәдесый сатып алатын мүмкіндікке ие болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...