ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ауыл шаруашылығын дамыту

13:31, 24 қараша 2021

Тарбағатай ауданы ауыл шаруашылығын дамытуда облыста көш бастап тұр. Әсіресе, төрт түлікті асылдандыру мен оның санын арттыру бойынша шаруалар жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Мемлекеттік ң қолдаудың аясында  техника да жаңартылып жатыр. Мәселен, соңғы төрт жылда аудандағы қожалықтар 340-қа жуық техника сатып алған.Бағдат Сағынаев 25 жылдан бері асыл тұқымды мал өсірумен айналысып келеді. Жыл санап қазақтың ақ бас сиырының санын арттыруда. Бүгінде кооператив ет өндіру бағытында алдыңғы қатарда тұр. Кооператив жыл сайын мемлекет тарапынан субсидияны да уақытында алып отыр. Істің көзін тауып, бірлесіп істеген еңбектің арқасында ғасырлар бойы жерден несібесін терген ағайынның еңсесі күн санап көтеріліп келеді.Соңғы жылдары ауданда мал шаруашылығын дамытуға  байланысты біршама жұмыстар атқарылған. Ең бастысы асыл тұқымды ірі қара саны өскен. Одан бөлек биыл ауданда 16 300 га жерге көп жылдық арпа, бидай, жүгері сияқты дақылдар егілген. Аудандағы ауыл шаруашылық техникасы да жеткілікті. Кейінгі 4 жылда ауданға 340, ал биыл 65 жаңа техника алынды.Шаруалар келер жылыда осындай зор табысқа жетуді көздеп отыр. Алда ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту  бастамасы тұр. Бұл міндетті де шаруалар абыроймен атқаруға ниетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар