ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Ауыл шаруашылығын дамыту

13:30, 15 шілде 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деген болатын. Осы мақсатта Үкімет елде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға бағытталған шараларды қолға ала бастады. Мәселен, Үржар ауданында бірнеше жылдан бері бидай мен майлы дақылдардың алқабы арта түскен. Ауыл шаруашылығы Үржар ауданы  экономикасының негізгі саласы. Қазіргі таңда Барқытбел баурайында 2 541 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мұнда негізінен өсімдік шаруашылығы дамыған. ЖІӨ 60 пайызы да аталған бағытқа тиесілі. Ал қалған 40 пайызы мал шаруашылығының үлесінде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда 80 млрд. 697 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Әрине мұндай көрсеткішке қожалықтардың қажырлы еңбегінсіз қол жеткізу мүмкін емес дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары. Үкімет тарапынан егін шаруашылығын дамытуға түрлі субсидиялар беріледі. Оның игілігін көріп отырған қожалық иелері де аз емес. Өткен жылы 385 млн.теңгенің субсидиясы берілген. Аудан басшылығы шаруа қожалықтарының техникаларын жаңарту жұмыстарына да ерекше мән беріп отыр. Мәселен, өткен жылы 1 млрд.600 млн.теңгеге 173 бірлік техника алынған. Ал биыл 6 айдың қорытындысы бойынша тағы 1 млрд.900 млн.теңгеге  163 техника әкелінді. Үржардағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жұмыстар мұнымен аяқталып қалмақ емес дейді жергілікті билік өкілдері. Алдағы уақытта түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...