ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Ауыл әкіміне үміткерлерді тіркеу қорытындысы

13:32, 16 шілде 2021

Шығыс Қазақстан облысында аудандық маңызы бар ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне үміткерлерді тіркеудің қорытындысы шығарылды. Үміткерлерді ұсыну 9 шілдеге дейін жалғасты. Ал оларды тіркеу 14 шілдеде аяқталды. Айта кетейік, биыл 25 шілдеде бірқатар өңірлерде ауылдық округ әкімдерін сайлау басталады. Әкімдерді сайлау науқанының басталуына аз уақыт қалды. Қазіргі таңда облыс бойынша әкім қызметіне кірісуге бел буған 235 үміткер тіркелген. Ал олардың 85-і саяси партиялар тарапынан тіркелсе, 150 үміткер өзін-өзі ұсынған. Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды. Әкім болуға ниет білдіргендердің басым көпшілігі Мақаншы, Белқарағай, Ушанов және Архат ауылдық округтерінен. Мұнда бір орынға 4 адамнан. Саяси партиялар атынан тіркелген үміткерлерге жеке-жеке тоқталатын болсақ. «Нұр Отан» партиясы атынан 61 үміткер, «Ауыл» партиясынан 18, «Ақжолдан», Қазақстан Халық партиясынан, Жалпыұлттық Социал демократиялық партиясынан 1 үміткер, «Адал» партиясы атынан сайлауға 3 үміткер түсіп отыр. Сайлау күні дауыс беру аяқталып, қорытындысы шыққаннан кейін 7 күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді. ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, алдағы ауыл әкімдерінің  сайлауы маңызды оқиға, сонымен қатар саяси жаңғырудың жаңа кезеңі болмақ. Атап өтерлік тағы бір жайт, аймақтағы сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін партиялық емес бақылау орталығы жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта орталықтың өңірлік штабы сайлау күні, яғни 25 шілдеде барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін 300-ден астам байқаушыны оқытуда.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...