ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Ауыл әкімдерін сайлау

13:32, 3 шілде 2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елдегі әлеуметтік және саяси мәселелерге кеңінен тоқталғаны мәлім. Президент ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама көтеріп, «Қазақстандағы сайлау туралы» конституциялық заңға өзгерістерді енгізетін құжатқа қол қойды. Осы заңға сәйкес биыл 800-ден астам ауыл әкімі ауысады. Өйткені, олардың қызметтік өкілеттігі аяқталады. Ал орнына келетіндерді бұрынғыдай мәслихат емес, халық сайлайды. Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау шілде айының 25-іне белгіленген. Қара үзгендері қайыс креслоға жайғасады. Алайда сайлауға түсу үшін үміткерлерге қойылатын бірқатар талаптар бар. Мәселен, кандидат 25 жастан асқан, бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Жоғары білімі болуы шарт. Бүгінде облыс бойынша 70-тен астам ауыл әкімінің сайлауына қызу дайындық жүріп жатыр. Әкім лауазымына үміткер дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз қолдауымен өзін-өзі ұсына алады. Сондай-ақ үміткер саяси партиялар атынан да сайлауға түсе алады. Жуықта ШҚО сайлау комиссиясы саяси партия өкілдеріне арналған оқу семинарын өткізді. Ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімі өзгерген жоқ. Олар бұрынғысынша 4 жылға сайланады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...