ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Аулалар абаттандырылуда

17:15, 10 қыркүйек 2021

Бүгін Өскеменде қала басшысы көп қабатты үйлердің ауласында салынып жатқан балалар ойын алаңына тексеріс жүргізді. Биыл шаһардағы 27 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр. Осыған дейін Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен  «Менің аулам»  бағдарламасы әзірленген болатын. Бағдарлама аясында жыл сайын заманауи спорт және балалар ойын алаңдарын салып, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру көзделген. Ол үшін ең алдымен қарапайым халық ауладағы жерді өздерінің атына рәсімдеу қажет. Бұл арнайы жабдықтардың қараусыз қалмауына кепіл дейді қала басшысы.   Тексеріс барысында тұрғындар өзге де мәселелерге назар аударуды ұсынды. Соның бірі Михаэлис 7 тұрғын үй ауласындағы 15 түп ағаш. Жаз басталса аллергиялық ауру тудырып мазаларын қашыратын көрінеді.    Айта кетейік, «Менің аулам» бағдарламасы  бойынша жөнделетін аулаларды арнайы құрылған комиссия мүшелері белгілі бір талаптарға байланысты кезекпен іріктейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...