ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Аудандардағы сайлау үрдісі

17:15, 25 шілде 2021

Таң сәрісімен аудандардағы сайлау қыза түсті. Шығыс Қазақстан облысының аудандарында 221 сайлау учаскесі ашылды. Ауыл-ауылдағы саяси науқанға жергілікті жұрт белсене қатысуда. Өз таңдауларын жасаған олар, сайлауға қатысу маңызды қадам екенін жақсы түсінеді. Тұрғындар өз пікірлерімен де бөлісті. Ауылдық жерлердегі сайлау барысын біздің әріптестеріміз де бақылап отыр. Айта кетейік, сағат 12-де аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 55,13% - дан астамы аймақтағы сайлау бюллетеньдерін алды. Сайлауға қатысу арқылы ауылдың көркеюі үшін әр азамат үлес қоса алады,- дейді күршімдіктер. Аталған аудан бойынша сайлауға Құйған, Абай, Ақбұлақ және Төсқайың сияқты 4 ауылдық округ қатысуда. Ал Үржар ауданында да тұрғындар жас-кәрісі бар белгіленген сайлау учаскелеріне барып, белсене қатысып жатыр. Саяси науқанды ауыл тұрғындары үлкен өзгеріске бет-бұру деп бағалайды. Мәселен Үржар ауданының құрметті азаматы Әбен Разуев «ауыл әкімдерін сайлау болашағымыз үшін керек» дейді.  Абай ауданында да сайлау үрдісі қауырт. Тұрғындардың еркін дауыс беруі үшін санитарлық нормалар ескеріліп, барлық жағдай қарастырылған. Аягөз ауданында 7 ауылдық округте әкім сайлауы өтуде. Кандидат ретінде 21 адам тіркелді, оның 12- сі өзін-өзі ұсынғандар. 11 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр, ауылдық округтерде барлығы 5 604 сайлаушы бар. Катонқарағай ауданы бойынша 5 округтен 16 үміткер тіркелген. 19 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Әр аудандағы ауыл азаматтарының көбі сайлауға жауапкершілікпен қараған. Өз таңдауын жасау – азаматтық борышымыз,- дейді тұрғындар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...