ШҰҒЫЛ! ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ Толығырақ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТАЛҚЫЛАНДЫ

14:22, 25 маусым 2020

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов жұмыс сапарымен облыс орталығына келді. Мемлекеттік орган өкілдерімен онлайн жиын өткізген кеңсе басшысы атқарылған жұмыстардың қорытындысымен танысып, маңызды мәселелерге тоқталды.

«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығының бірінші қабатында «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңселері, азаматтарды қабылдау мен заңгерлер кеңесі берілетін бөлмелер орналасқан. Сондай-ақ мұнда келушілерге тиісті құжаттарды онлайн түрде алуға мүмкіндік беретін арнайы орын бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті өкілдігі «open space» форматында екінші қабатта қызмет көрсетеді. Сол жердегі баспасөз орталығында республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісімен бірге тұрғын үй шаруашылығы, денсаулық сақтау мен келіп түскен тұрғындар сауалдары тақыланды. Төлеген Байғұлов Өскемендегі жобаның жүзеге асырылу жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері аймақтағы атқарылған шараларға үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
13:34, 12 мамыр 2021
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...