ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

13:30, 26 қаңтар 2021

Семейде былтыр 23 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған. Олар барлық қаражатты мемлекетке қайтарған. Сала мамандары тұрғындар арасында табысы туралы жалған анықтама әкелу және әлеуметтік шартты бұзу сынды әрекеттердің әлі де кездесетінін айтады. Елімізде атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдан бастап беріледі. Бұл аз қамтылған отбасыларына арналған. 2019 жылы әр балаға 21 мың теңгеден тағайындалып, алушылар қатары көбейген. Ал былтырдан бастап, мемлекеттік жәрдемақы тағайындауда өзгерістер болды. Енді 4 баласы бар отбасы 42 мың теңге, 5 баласы бар жанұялар 53 мың теңгеден алады. Яғни, жанұяда бала саны көбейген сайын көмек көлемі де арта бермек. Қала тұрғыны Айгүл Әубәкірова көпбалалы ана. Бірнеше жылдан бері атаулы әлеуметтік көмек алып келе жатқан ол  қаражаттың жанұясы үшін айтарлықтай қолдау екенін айтады. Атаулы әлеуметтік көмек беру ережесіндегі былтырғы өзгерістерге сәйкес бұрын жәрдемақы алып келген кейбір отбасылардың кіріс мөлшері жан басына шаққанда артық болып шығады. Сондықтан, мемлекеттік көмекті алушылар саны 45 пайызға төмендейді.   Былтыр қалада жалған анықтама әкеліп, атаулы әлеуметтік көмек алғандар анықталған. Мемлекет қолдауын заңсыз иеленгісі келгендерді бөлімдегі учаскелік комиссия анықтап, тиісті шаралар қолданған. Атап өтерлігі, былтыр өңірімізде әлеуметтік шартты бұзғаны үшін 278 отбасына атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылған. Сондай-ақ, жалған құжат өткізген 23 жанұя заңсыз алған мемлекет қаражатын ерікті түрде қайтарған.

 

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар