ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

«Атамекен» экспедициясы

13:38, 30 қыркүйек 2021

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» газеті республика көлемінде «Атамекен» экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция Шығыс Қазақстанда да жалғасты. Зиялы қауым өкілдері, журналистер мен блогерлерден құралған топ мүшелері Көкпекті мен Ұлан ауданының тарихи жерлерін аралап, таспаға түсіріп, фоторепортаж жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш іс-шара алдағы уақытта өңіріміздің басқа аудандарында да ұйымдастырылуы мүмкін. Өлке тарихына шолу жасап, аңыздармен астасып жатқан орындарды аралау кезінде киелі жерлердің талай сырды ішке бүккені белгілі болды.   Топ мүшелері этно туризмді дамытып, қазақы салт-дәстүрді насихаттап жүрген ерекше отбасында қонақта болды.  Келген меймандарын құшақ жая қарсы алған үй иелері бүркіт баптау, тазы жүгіртудің қыр-сырларымен бөлісіп, құрт-ірімшікті қайнату мен алаша, сырмақ тоқуды  көрсетті. Екі күнге созылған экспедиция Ұлан ауданындағы Ақ бауыр үңгірі мен  Сібе көлдерінде аяқталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар