ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Атақты спортшымен кездесу

17:40, 12 қазан 2021

Кітапхана қабырғасында әлемнің үздік ауыр атлеті, еліміздің мақтанышы Илья Ильинмен кездесу өтеді. Жиынға оқушылар, спортсүйер қауыммен қатар кітапхана оқырмандары қатысты. Өскеменге Әлемді бағындырған зілтемірші келді. Ол, қаланың жалынды жастарымен кездесіп, біраз әңгімелесті. Ауыр атлет, спортты дамытуға бағытталған өз идеяларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиынға қатысушылардың көзінен жалындаған отты көріп, қуанып қалдым, – дейді танымал спортшы.Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан спортшылары 60-тан астам олимпиадалық және түрлі деңгейдегі халықаралық жарыстарда 700-ге жуық медаль жеңіп алды. Біздің еліміз алғашқы 30 спорт державасының қатарына енді. Әрине, спортты дамыту мақсатында зілтеміршінің қосқан үлесі айтарлық.  Кішіге үлгі бола білген ол, жас спортшылардың  мақтанышына айналды.Іс-шараның басты мақсаты Ильиннің жарқын тұлғасын үлгі ете отырып жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстауға, патриотизм мен жоғары азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал ету.Кездесу соңында жиналғандар ел мақтанышын жібергілері келмей, қимастықпен  қоштасты. Кездесуге қатысқан оқушылар спортшының суретін салып табыстаса, енді бірі қолтаңба алып, естелік суретке түсті. Қонақжайлықтың бір белгісі ретінде саңлақтың иығына шапан жауып шығарып салды.

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...