ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Астана ақындардың көзімен

13:34, 3 шілде 2021

Ерке Есілдің жағасындағы еңселі Елорда. Биыл Тұңғыш Президент, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бой көтерген астананың – Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы уығының қадалғанына 23 жыл. Иә, бүгінде елорда десе елең етпейтін жан жоқ. Сазгерлер астанаға ән арнаса, ақындар жырдан шашу шашуда. Оразай Жеңісұлы астананың құрдасы. Бас қаланың 20 жылдығы орай өткен республикалық мүшәйрада 2 орын алған. Елорда күніне байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралардан тыс қалмайды. Ақын еліміздің жүрегі саналатын Нұр-Сұлтан шаһарымен бірге өсіп, бірге қалыптасып келе жатқанын мақтан тұтады. Ақынның жыр-жинағынан елорда туралы «Бір қала, бір арман» атты туындыны кездестіре аламыз. Өскемендік тағы бір жас ақын Тасқын Болатұлы да астананы жырға қосқан. Былтырғы Астананы биылғы Астанамен әсте салыстыра алмайсыз. Бір жылдың ішінде елордада бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі әкімшілік ғимараттар, тұрғын үй кешендері, өзге де инфрақұрылымдық нысандар бой көтерді. Бір сөзбен айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы 23 жылдығын ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен қарсы алды.


 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...