ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Ashyq жобасын қолданушылар көп

13:30, 10 маусым 2021

Риддерде Ashyq жобасын қолданушылардың саны артып келеді. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге «қызыл» аймақта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні қалада QR кодтары орнатылған 20 нысан жұмыс істеуде. Бүгінде Риддердің 19 кәсіпкері Ashyq жобасына қатысуға ниет білдірген. Олардың 17-сі QR кодтарын алды, ал 3 бизнес нысаны тестілеу режимінде жұмыс істейді. Жобаға қосылғандардың көпшілігі тамақтану нысандары. Соның бірі «Қазақстан» мейрамханасы. Мұнда қосымшаның қолданылғанына екі аптадан асты. Мейрамханалардың тұтынушылары төлем бағдарламасы арқылы Ashyq қызметін пайдалана алады. Оны қолдану үшін мекеменің кіреберісінде орнатылған QR кодын онымен сканерлеу қажет. Осыдан кейін смартфон экранында кіруге рұқсат беретін немесе оны шектейтін белгі көрсетіледі. Негізінен қоғамдық тамақтану орындарына «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар келушілер ғана кіре алады. Әзірге құқық  бұзғандар жоқ дейді мамандар. Бұл мекеме қалада алғашқылардың бірі болып жобаға қатысуға ниет білдірді. Барлық шектеу шаралары бизнеске айтарлықтай шығын келтірді. «Ashyq» - қиын жағдайдан шығудың жалғыз мүмкіндігі, дейді дәмхана қызметкерлері. Қазір Ashyq қосымшасына тіркелгісі келетін кәсіпкерлер көбейіп келеді. Олардың қызығушылығы түсінікті: ешкім шығынға батқысы немесе бизнесін жоғалтқысы жоқ. Барлығы бірдей кәсібін дөңгелеткісі  келеді дейді кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының өкілдері.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар