ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫ

13:30, 4 мамыр 2021

Катонқарағай ауданында мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге арналған «Ашық әкімдік» кеңсесі ашылды. Жобаның мақсаты – тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету, жемқорлықтың алдын алу. Яғни, бұл жерде әкімдіктің әр бөлімінің жауапты мамандары кезектесіп, тұрғындар сауалдарына жауап береді. Осылайша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс жүктемесі де азаяды. Ауданда қазір сервистік модельдегі 3 «Ашық әкімдік» кеңсесі жұмыс істейді.  Олар Үлкен Нарын ауылындағы аудан әкімдігі базасында, Катонқарағай және Коробиха ауылдарында. Жобаның нәтижесінде соңғы кездері тұрғындар мәселелерін тиісті мекемелерге тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие. Азаматтар қызмет алу үшін бұрынғыдай дәліз жағалап, әр есікті бір қағып, кеңселердің табалдырығын тоздырмайын болды. Мекемелер мүмкіндігінше ашық жұмыс атқаруға тырысып, жер алу мәселесі, құжаттарды рәсімдеу сияқты ең қажетті қызметтерді көрсете алатын бұрыш ұйымдастырды. Аудан тұрғындары алдын ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйткілді мәселелерін көтеріп, құқықтық және әлеуметтік көмек алып жүргендеріне бек қуанышты. Айта кетейік, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілі әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тұрғындардан келіп түскен өтініш пен шағымдарға дер кезінде жауап берілетінін айтты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар