ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

АШЫҚ ӘКІМДІК

13:30, 22 ақпан 2021

Глубокое ауданының әкімдігі "Open space" форматында халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда тұрғындар мемлекеттік қызмет түрлерінен бастап, өздеріне қажетті барлық ақпараттарды жауапты мамандардан ала алады. ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет ауданда жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының барысымен танысты. Сервистік әкімдік – мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдық. Бұл жерден тұрғындардың өздеріне қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар. Департамент басшысы сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуде ашық әкімдік жүйесінің тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Глубокое ауданының ауылдық округтерінің әкімдері бас қосқан жиында өзге мемлекеттік органдардың өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары заңдағы жаңашылдықтарға да тоқталды. Ашықтық, нақтылық, қолжетімділік. Осы бағыттағы алға қойылған нақты міндеттерді орындау үшін Глубокое ауданының ауылдық округтерін жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жоспарлануда.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар