ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Арнайы орталық жаңғыртылуда

13:30, 1 шілде 2022

Өскемендегі "Үлбі" орталығы бұрын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін-ді. Енді аталмыш мекеме бағытын өзгертіп, аутизмі және менталды кемістігі бар балаларға арналған мемлекеттік орталық болып қайта құрылмақ. Әзірге ғимаратта жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Қыркүйек айында қолданысқа берілу көзделген.

Қала әкімдігі және "Қамқорлық" қоры бірлесіп ғимаратта жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Мердігерлер жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін қор орталықты қажетті жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз етеді.

Жаңа орталық 130 балаға есептелген. Орталықта емдік дене шынықтыру залдары, арт-терапия, топтық ава-терапия кабинеттері проекциялық бөлме және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті болады деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар