ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ардагерлерге алғыс

17:17, 6 мамыр 2022

Жеңіс мерекесі қарсаңында тылда еңбек еткен ардагерлерді ұлықтап, құрмет көрсету шаралары Глубокое ауданында да жалғасуда. Солнечное ауылында орналасқан әлеуметтік орталықта, арнайы демеушілердің көмегімен қарттарға жаңа кабинеттер ашылды.

Солнечное ауылындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бүгін ерекше күн. 120 адамға арналған мекемеде қамқорлыққа алынған қарияларға арналып жаңа демалыс орны ашылды. Сондай-ақ жаңа кітапхана да мерекелік сый ретінде тарту етілді. « Қамқорлық марафоны» атауымен жалғасқан шараға орталықтың демеушілері де ат салысты.

Әлеуметтік мекемеде тұрып жатқан тыл ардагерлерінің бірі- Бекен Сағиев. Қария көп уақытын кітап оқумен өткізеді. Бүгін пайдалануға берілген кітапхана алдағы уақытта өзі сынды қарттар үшін тамаша сыйлық болғандығын айтады.

Шара соңында концерттік нөмірлер қойылып, патриоттық әндер шырқалды. Мұндағы санаулы тыл ардагерлеріне алғыс ретінде демеушілер сыйлықтарын табыстады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар