ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Ардагерлер вакцина алды

17:15, 14 шілде 2021

Елімізде жұқпалы індет қайта өршіп, науқастардың саны күрт өсті. Дендеген дерттен сақтанудың бір амалы – екпе салдыру. Бүгін Өскемендегі №2 қалалық емханада ардагерлер вакцина алды. Өскемен қаласында 65 мыңнан астам ардагер бар. Соңғы кездері тұрғындар арасында вакцинаға қатысты әртүрлі алыпқашпа, қауесет сөздер көбейген. Бұл кейбір адамдардың екпеге деген күдігін арттырып, күмәнін қоюлата түскен. Осыған орай тұрғындар арасында екпеге қатысты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.   Қаладағы жібек маталар комбинаты ықшам ауданында бес мыңға жуық зейнеткер мен 270-тен астам тыл ардагерлері бар. Вакцинаның екі компонентін де салдырғандардың қатарында 81 жастағы ардагер ұстаз Әлібек Нұрмұхамедов та бар. Қазір жағдайым жақсы. Өз денсаулығымызды, отбасымызды, айналамыздағы адамдарды қорғаудың тиімді тәсілі осы болғандықтан азаматтық міндетімді орындадым дейді қария. Қала әкімдігі қызметкерлерінің хабарлауынша, бүгінге дейін 100 мыңнан астам өскемендік екпе алған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...